ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

Үржар колледжінде «Білім - мемлекеттік саясаттың басты құндылығы: жаңа Конституцияда айқындалған басымдықтар» тақырыбында бірыңғай республикалық топ сағаты ұйымдастырылды. Дәріс форматында өткен топ сағатының басты мақсаты - студенттерге Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының мазмұнын түсіндіру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру. Топ сағатының міндеттері: жаңа Конституцияның қағидаттарымен таныстыру; студенттердің құқықтары мен міндеттері туралы түсінігін кеңейту; заңға бағыну мәдениетін қалыптастыру; «Адал азамат» құндылықтарын қалыптастыру. 

#Адал_азамат_Абай_облысы_ТиПО

#Үржарколледжі

#Заңментәртіп_Абай_облысы