«Үржар колледжі» Кмм-де Үржар ауданы прокурорының орынбасары А.Есенов, Үржар АПБ ҚҚБ КТіБ УПИ полиция аға лейтенанты Р.Байтлеуов, Үржар АПБ ҚҚБ КТіБ УПИ полиция капитаны М. Ануарбек студенттерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында студенттердің құқықтық мәдениетін қалыптастыру, заң талаптарын құрметтеу және қоғамда өзін дұрыс ұстау мәселелері жан-жақты қарастырылды.
Атап айтқанда, бүгінгі қоғамда жиі кездесетін келеңсіз құбылыстардың бірі – лудомания (құмар ойындарға тәуелділік) туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, оның жеке тұлғаға, отбасыға және болашаққа тигізер кері әсері нақты мысалдар арқылы баяндалды. Студенттерге уақытты тиімді пайдалану, салауатты өмір салтын ұстану қажеттігі түсіндірілді.













