ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

«Үржар колледжі» КММ - де «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында және «Наурызнама» онкүндігі іс - шараларының жалғасы ретінде «Тазару күніне» орай «Тазару күні - жаңа күннің бастауы» атты экологиялық акция ұйымдастырылды.

Аталған шараның басты мақсаты - қоршаған ортаны қорғау, тазалықты сақтау мәдениетін қалыптастыру және студенттерді табиғатқа жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу. Акция барысында білім алушылар мен оқытушылар колледж аумағын тазалап, табиғатты аялаудың маңыздылығын іс жүзінде көрсетті.

Бұл игі бастама тазалықтың тек сыртқы көрініс емес, адам бойындағы рухани жаңарудың да белгісі екенін айқындай отырып, жаңа күнді жаңа серпінмен қарсы алуға үндеді.

# Адал_азамат_Абай_облысы_ТиПО

#Үржарколледжі

#Тазарукүні

#Naurusnama2026

#ҰлыДалаНаурызы