8-наурыз – көктемнің шуақты мерекесі, аналар мен аруларға құрмет көрсететін ерекше күн. Осы мерекеге орай колледж Студенттер ұйымы Халықаралық әйелдер күні қарсаңында мерекелік концерт ұйымдастырды.Концерттік бағдарлама өте әсерлі әрі мазмұнды болды. Сахнада студенттер әсем ән шырқап, мың бұралған бишілер көрермендерді тамсандырды.Мерекелік кештің басты мақсаты – әйелдер қауымына құрмет көрсету, олардың қоғамдағы рөлін дәріптеу және ризашылық сезімін білдіру болды. Осындай игі шаралар оқу орнымызда дәстүрге айналған, студенттердің ұйымшылдығы мен белсенділігін көрсетеді.
https://bilim-urdzhar.kz/kz/kolledzhdi-t-rbie-zh-mysy/t-rbielik-is-sharalar/1357-8-nauryz-k-ktemni-shua-ty-merekesi.html#sigFreeId5c747a6164













