«Үржар колледжі» КММ-де Үржар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен «Заң мен тәртіп» тақырыбында тағылымды әрі мазмұнды кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында мамандар жастарға құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын түсіндіріп, заңды құрметтеу – өркениетті қоғамның берік тірегі екенін атап өтті. Сондай-ақ, құқықбұзушылықтың алдын алу, жауапкершілікті сезіну, өз құқықтары мен міндеттерін білу , сыбайлас жемқорлықпен күрес, буллинг, кибербуллинг,интернет-алаяқтық, дроперлік, отбасылық зорлық-зомбылық сияқты өзекті тақырыптар қозғалды.Студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, сала мамандарымен ашық пікір алмасты. Еркін форматта өткен жүздесу жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймай, олардың қоғам алдындағы жауапкершілігін терең сезінуіне ықпал етті.













