ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ
«Үржар колледжі» КММ-де №4 және №5 топ студенттеріне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатының негізгі мақсаты – студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыру, адалдық пен әділдік қағидаларын насихаттау, құқықтық сауаттылықтарын арттыру болды.
Тәрбие сағаты барысында сыбайлас жемқорлық ұғымы, оның пайда болу себептері мен қоғамға тигізетін кері әсері туралы кеңінен айтылды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен заңнамалық шаралар туралы мәлімет берілді. Студенттерге адал еңбек ету, заңды сақтау және азаматтық жауапкершілік туралы түсінік қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінді.