ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау және «Киберқылмыстарға қарсы іс - қимыл бағдарламасын» іске асыру мақсатында «Үржар колледжі» КММ - де ұжым қызметкерлеріне арналған маңызды жиналыс өткізілді. Жиынды колледж директоры Сабырбек Сабитов ашып, қазіргі таңда кең таралып отырған интернет - алаяқтық түрлері, олардың алдын алу және сақтану жолдары туралы кеңінен тоқталды. Сонымен қатар, профилактикалық шара ретінде қызметкерлерге @CYBERCRIME.KZ ресми Telegram - арнасына жазылудың маңыздылығын атап өтті.

Жиналыс барысында қаржылық сауаттылықты арттыру, интернет - алаяқтықтың жаңа әрі айлакер тәсілдері жөнінде жан - жақты түсіндіру жұмыстарын колледж директорының оқу - тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Жупар Баймухаметова жүргізді. Ол қатысушыларға нақты мысалдар келтіре отырып, жеке деректерді қорғау, күмәнді сілтемелер мен хабарламалардан сақ болу қажеттігін ескертті. Шара ұжым қызметкерлерінің киберқауіпсіздік жөніндегі білімін арттыруға және интернет кеңістігінде сақтық мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.

#Адал_азамат_Абай_облысы_ТиПО

#Үржарколледжі