ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

«Үржар колледжі» КММ-де құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысуымен «Заң үстемдігі –жарқын болашақ» тақырыбында мазмұнды кездесу өтті. Кездесу барысында қоғамдағы «Заң мен тәртіп» құндылығын нығайту, жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру мәселелері кеңінен қамтылды. Әсіресе буллинг пен кибербулингтің алдын алу, олардың жасөспірімдер психологиясына тигізетін кері әсері, сондай-ақ нашақорлықтың зияны мен оның құқықтық салдары туралы маңызды ақпараттар берілді.

Құқық қорғау органы қызметкерлері студенттерге заң талаптарын сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін білу, қауіпті жағдайлардың алдын алу жолдарын түсіндірді. Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар тарапынан үлкен қызығушылық тудырып, тәрбиелік маңызы зор кездесу болды.