Үржар колледжінде «Конституциялық реформа және жастардың құқықтық санасы» тақырыбында мазмұнды әрі тағылымы мол кездесу өтті.Ашық лекция форматында өткен кездесудің басты мақсаты – жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, Конституциялық реформаның маңызын түсіндіру және азаматтық жауапкершілікті арттыру болды.
Ашық лекция барысында Қоңыршәулі ауылдық округінің әкімі Айдын Қожаев және «Үржар колледжі»КММнің директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Жупар Баймухаметова Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың қоғам өміріндегі рөлі кеңінен талқылап, жастардың құқықтары мен міндеттері жөнінде маңызды мәліметтер берді. Ел болашағы саналатын жастардың құқықтық санасының жоғары болуы – әділетті және демократиялық қоғам құрудың негізі екендігін ерекше атап өтті.Мұндай кездесулер жастардың заңға деген құрметін арттырып, олардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға зор ықпал етеді.
Кездесу соңында ұйымдастырушылар жастарды құқықтық сауаттылықты арттыруға, ел дамуына өз үлестерін қосуға шақырды.
https://bilim-urdzhar.kz/kz/kolledzhdi-t-rbie-zh-mysy/t-rbielik-is-sharalar/1332-konstitutsiyaly-reforma-zh-ne-zhastardy-y-ty-sanasy.html#sigFreeIdcfb9dd5b48













