ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

Үржар колледжінде студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында "Сыбайлас жемқорлық ұғымы, түрлері, мысалдар" тақырыбында тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Іс - шара барысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін теріс әсері, оның пайда болу себептері мен салдары түсіндірілді.

Шарада сыбайлас жемқорлықтың негізгі түрлері - парақорлық, қызметтік өкілетті теріс пайдалану, мемлекеттік сатып алудағы заңбұзушылықтар, таныстық пен туыстыққа жол беру (непотизм) сияқты формалар нақты мысалдар арқылы талқыланды. Сонымен қатар студенттерге адалдық, әділдік және жауапкершілік қағидаттарын ұстанудың маңызы айтылып, бейнероликтер көрсетіліп, пікірталас ұйымдастырылды.

Тәрбие сағаты жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, азаматтық жауапкершілігін арттыруға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын нығайтуға бағытталды.

#Адал_азамат_Абай_облысы_ТиПО

#Үржарколледжі

#Бірлікпенынтымақ_Абай_облысы