ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

«Үржар колледжі» КММ - де Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ІІ курс №9 топ студенттеріне «Тәуелсіздік - ұлттың ұлы мұраты» атты тәрбиелік мәні жоғары танымдық шара ұйымдастырылды.

Іс - шара барысында студенттер тәуелсіздіктің тарихи кезеңдерімен, елдің өткен жолы мен бүгінгі жетістіктерімен танысып, ұлт үшін ең қастерлі ұғымның мәнін тереңірек ұғынды.

Тәрбие сағатының мақсаты - жас ұрпаққа тәуелсіздіктің тарихи маңызын түсіндіру, елін сүйетін патриоттық тұлға қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге баулу, мемлекетіміздің даму жолын дәріптеу және жас буынның бойында отансүйгіштік сезімін нығайту.

#Адал_азамат_Абай_облысы_ТиППО

#Үржарколледжі

#Тәуелсіздіккүні