ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

Адамгершілік пен қамқорлық - қоғамның айнасы. Осы қағиданы ұстанған Үржар колледжінің «Мейірім» еріктілер клубының жастары қайырымдылықтың жарқын үлгісін көрсетті. Олар жалғызбасты Зейнеп апаның үйіне барып, үй шаруасына қолғабыс жасап, қысқа дайындық жұмыстарын атқарды. Студенттер отын жарып, аула тазалап, апаның жағдайын сұрап, көңілін бір серпілтті. Ал апаның ақ батасы мен алғысы еріктілерге үлкен қуаныш сыйлады.

«Мейірім» клубының бұл игі ісі – жастар арасындағы ізгілік пен жан жылуын насихаттаудың айқын көрінісі. Осындай қайырымды істер қоғамымызды мейірімге, бір-біріне жанашыр болуға жетелейді.

#Адал_азамат_Абай_облысы_ТиПО

#Үржарколледжі

#Қамқоржобасы_Абай_облысы