Іс-шараның басты мақсаты – отбасының бала тәрбиесіндегі рөлін арттыру, ата-аналар мен заңды өкілдердің құқықтары мен міндеттері жайлы толыққанды ақпарат беру, сондай-ақ қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің алдын алуға бағытталған түсіндіру жұмыстарын жүргізу болды.
Жиналыс барысында құқық қорғау органдарының қызметкері ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің негізгі баптарына тоқталып, жасөспірімдер арасында жиі кездесетін құқықбұзушылық түрлеріне кеңінен түсініктеме берді. Атап айтқанда: лудомания, буллинг, кибербуллинг, жолда жүру ережелері, түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың ойын-сауық орындарында жүруіне тыйым салу сынды маңызды тақырыптар жан-жақты қарастырылды.
Сонымен қатар, қауіпсіздік шараларын сақтау мен құқықтық сауаттылықты арттырудың маңыздылығы сөз болды. «Заң мен тәртіп» идеологиясын негізге ала отырып, ата-аналар тәрбиелі, тәртіпті, білімді ұрпақ өсіруге үнделді.
Жиналыс соңында колледждің педагог-психологы ата-аналарға арналған семинар өткізіп, тәрбиелік іс-әрекеттерге қатысты сауалнама жүргізді.
Осындай тағылымы мол іс-шаралар – жас ұрпақтың болашағына берілетін маңызды инвестиция. Себебі бала тәрбиесінің бастауы – отбасы, ал отбасының тірегі – саналы ата-ана.
https://bilim-urdzhar.kz/kz/kolledzhdi-t-rbie-zh-mysy/t-rbielik-is-sharalar/1267-rzhar-kolledzhi-kommunaldy-memlekettik-mekemesinde-adal-azamat-birt-tas-t-rbie-zhospary-ayasynda-t-rtipti-e-tamasha-mektebi-otbasy-ta-yrybynda-zhalpy-ata-analar-zhinalysy-tti.html#sigFreeIdf1d23c3976













