ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

«Үржар колледжі» КММ - де кәсіптік бағдар беру мақсатында ұйымдастырылған мектеп оқушыларына арналған лагерьдің 9 - шы күні ерекше өтті. Бұл күні балалар үшін интеллектуалдық ойын ұйымдастырылды. Ойынның мақсаты - оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, командалық жұмысқа баулу және білімдерін тереңдету болды.
Сайыс барысында балалар екі топқа бөлініп, әртүрлі қызықты сұрақтарға жауап берді. Ойынның атмосферасы өте қызықты әрі тартымды болды. Оқушылар белсенді қатысып, бір - бірімен жарыса жауап беріп, өздерінің білімдері мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті.