ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

Кәсіптік бағдар беру мақсатында ұйымдастырылған мектеп оқушыларына арналған жазғы лагерь өз жалғасын табуда. Лагерьдің 8 - ші күнінде «Үржар колледжі» КММ - де «Аспаз» мамандығына арналған шеберлік сағаттары жоғары деңгейде өтті.
Колледждің «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша тәжірибелі оқу - өндірістік шеберлері балаларға картоптан фри аппаратында жұмыс істеуді үйретті. Балалар өз қолдарымен картоптан түрлі пішіндер жасап, фри дайындайтын аппаратында қуырды.
Шеберлік сабақтары барысында балалардың қызығушылығы мен ынтасы ерекше байқалды. Олар картопты әр түрлі формада кесіп, шығармашылықпен жұмыс істеп, өздерінің аспаздық дағдыларын шыңдауға мүмкіндік алды. Фри дайындау процесі тек тамақ әзірлеу ғана емес, сонымен қатар командада жұмыс істеп, бір - біріне көмектесудің маңыздылығын түсінуге ықпал етті.
Бұл іс - шара балалар үшін тек кәсіби бағдар беріп қана қоймай, сонымен қатар тамақтану мәдениеті мен аспаздық өнерге деген қызығушылықтарын арттыруға мүмкіндік жасады. Лагерьдің келесі күндерінде де осындай қызықты әрі пайдалы шаралардың жалғасатынына сеніміміз мол.