Кәсіптік бағдар беру мақсатында ұйымдастырылған мектеп оқушыларына арналған жазғы лагерь өз жалғасын табуда. Лагерьдің бесінші күні ерекше әрі есте қаларлық сәттермен толықты. Бұл күні «Үржар колледжі» КММ - де патриоттық кино көрсетілді.
Лагерьдің тыныш атмосферасы, балалардың күлімсіреген жүздері, бәрі де ерекше сезімде болды. Патриоттық киноның басталуы алдында балалармен бірге еліміздің тарихы мен мәдениетінен сыр шертетін қысқаша әңгіме өткізілді. Олар өздерінің Отанын сүю, елінің тарихын білу, ұлттық құндылықтарды сақтау туралы ой бөлісті.
Кино сеансы аяқталған соң, балалар өз ойларын ортаға салып, фильмнен алған әсерлерімен бөлісті. Олардың пікірлері мен ұсыныстары, патриотизм мен ұлттық бірліктің маңыздылығын түсінуге септігін тигізді. Лагерьдің бұл күні оқушылар үшін тек көңіл көтеру ғана емес, сонымен қатар рухани байыту, патриоттық сана - сезімді қалыптастырудың маңыздылығын көрсеткен ерекше сәт болды.
Лагерьдің ұйымдастырушылары балалардың ынтасын байқап, алдағы күндерде де осындай тәрбиелік маңызы зор шараларды өткізуге ниет білдірді.