ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

Үржар колледжі ұжымы мен студенттері 4 - маусымда еліміздің символдары мен ұлттық мақтанышымызды атап өтетін «Рәміздер күніне» арналған аудандық «Рәміздер - ел мақтанышы» салтанатты жиынына зор қуанышпен қатысты. Бұл мерекелік шарада колледжіміздің ұстаздары мен студенттері ұлттық рәміздеріміздің маңыздылығын, олардың біздің тарихымыз бен мәдениетіміздегі орнына деген құрметімізді ерекше сезінді. Салтанатты шарада еліміздің Әнұраны шырқалып, Туымыз көтерілді. Жиын барысында аудан әкімі А. Башимбаев құттықтау сөз сөйлеп, жастарды еліміздің рәміздерін құрметтеуге және қорғауға шақырды. Бұл мерекелік шара қатысушылардың жүрегінде патриоттық сезімді оятып, болашаққа деген сенімділікті арттырды.