4 маусым күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай тағылымды тәрбие сағаты өткізілді. Елдік пен бірліктің, тәуелсіздік пен тұтастықтың нышаны саналатын Мемлекеттік рәміздер - Ту, Елтаңба және Әнұранға деген құрметті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған бұл шарада студенттер патриоттық рухқа бөленіп, ел тарихы мен рәміздердің мән - маңызы туралы тың мәліметтермен танысты.
Тәрбие сағаты барысында колледж оқытушылары мен белсенді студенттері мемлекеттік рәміздердің шығу тарихын, авторларын, олардың әрбір элементінің терең мағынасын жан - жақты таныстырды.