ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

2025 жылдың 18 ақпанында "Кеңес әскері Ауғанстан жерінен шығарылғанына 36 жыл толуына орай "Үржар колледжі" КММ Алғашқы әскери және технологиялық дайындық жетекшісі Р.Тукенов Таскескен ауылының Ауған соғыс ардагерлерімен "Ауғанда от кешкендер" атты кездесу кеш өткізді. Кешке Қоңыршәулі ауылдық округінің әкімі А.Қожаев, Үржар - Мақаншы аудандарының біріктірілген Қорғаныс істер бөлімінің қызметкерлері қатысты. Ардагерлерлерге арналған волейбол ойынында орын алған ауыл жастарына медальдар мен мақтау қағаздары табысталды, кеш соңы концерттік бағдарламамен аяқталды.

#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_ТиППО

#үржарколледжі