ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

«Үржар колледжі» КММ де Абай облысының Дін мәселелері зерттеу орталығының және Үржар ауданының ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Діни экстремизм мен терроризм», «Әлеуметтік желі және оның қауіптілігі», «Зайырлы мемлекет және дін» тақырыптарында кездесу өтті. Кездесуде республикалық «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы» КЕАҚ бас сарапшысы Дулат Жақиянов және Абай облысының Дін мәселелері зерттеу орталығының теологы М.Ботаханов студенттер мен мектеп оқушыларына қазіргі дін мәселесі , әлеуметтік желіден келіп жатқан зиян туралы тартымды әңгіме жүргізді. Кездесу соныңда сауалнама алынды.