ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

«Үржар колледжі» КММ-де Наурыз мерекесі қарсаныңда «Ұлыстың ұлы күні- Наурыз мейрамы» өтті.

Ұлттық ойындарымыздан бөлек, салт-дәстүрлерімізді жаңғырту мақсатында қазақы әдет-ғұрыппен салт-дәстүрлерімізден: тойбастар, шашу, көрісу мерекесі, бесікке салу, тұсау кесу көріністері көрсетілді. Сондай-ақ, арқан тартыс, қой көтеру, гір көтеру секілді ұлттық спорт түрлерінен күш сынасты. Мерекеге келген барша қауымға бауырсақ, наурыз көже және ұлттық тағамдардан дәм ұсынылды.

Бірліктің, елдіктің, ізгіліктің бастауы – Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_ТиППО

#Үржарколледжі

#nauryznama2025