ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

2024 жылдың желтоқсан айының 05-нен 2025 жылғы қаңтар айының 3 аралығында «Пиротехника» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіледі. Жаңа жыл мерекесін өткізу қарсаңында азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолданып жасалған бұйымдар айналымының белгіленген қағидаларын сақтауын бақылау, сертификатталмаған пиротехникалық бүйымдардың бей-берекет саудасы, рұқсат құжаттарынсыз сатуын қадағалау полиция қызметкерлеріне жүктелген. Сол себепті «Үржар колледжі» КММ- де Абай облысы Үржар АПБ Жергілікті полиция қызметі учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Тұрсын Азамат Болатбекұлы, учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Оспанов Еркебұлан Саленович колледж студенттеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_ТиППО
#қауіпсіздік