ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

2024-2025 оқу жылында колледжіміздің оқу - тәрбие жұмыстары жоспарына сәйкес өзін-өзі басқару жұмысын ұйымдастыру аясында колледжішілік президент, білім министрі, мәдениет министрі, спорт министрі және тазалық секторларын анықтау сайлауы өтті. Сайлауға студенттер қауымы қатысты. Сайлауға түсетін кандитаттар өз бағдарламаларын ұсынды.

Колледж болашағын сеніп тапсыратын бұл науқанға барлық студенттері өз кандитаттарын таңдауға бір кісідей ат салысты.

Сайлау қорытындысында колледж президенті мен фракция мүшелері анықталды.