ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

Республика күні – нағыз қазақтың кеудесі қуанышқа толы болатын, халықтың думандатып тойлайтын, мерекелік көңіл-күй орнайтын патриоттық мереке.

Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту. Отанын, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата-бабаларымыздың өнгеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу, патриоттық-адамгершіліктерін ояту мақсатында 2024 жылдың 21-қазанында Республика күні мерекесіне орай ІІ курс № 4 және І курс № 9 топ студенттеріне топ кураторлары Ақшайх А.Ғ пен Дакина С.М. «Менің Отаным-Қазақстан!» атты тәрбие сағатын өткізді.