ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

Ағымдағы жылдың 14 қазанында «Үржар колледжі» КММ-де І курс №9 топ жетекшісі Дакина С.М. «АЛАЯҚТАРДЫҢ АМАЛЫНА ҚАЛАЙ ТҮСПЕУГЕ ЖӘНЕ ӨЗДЕРІҢІЗДІ ТАБЫСТЫҢ КҮМӘНДІ ТҮРЛЕРІНЕН ҚАЛАЙ ҚОРҒАУҒА БОЛАДЫ?» тақырыбында қауіпсіздік сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты: жасөспірімдерге күмәнді табыс көздері туралы түсінік беру.
Негізгі міндеттері:
1. Жасөспірімдерге алаяқтықтың ең көп таралған тәсілдері туралы түсінік беру;
2. Алаяқтардың негізгі белгілері және олардан қалай қорғану керектігі туралы түсінік қалыптастыру.
Сабақ барысында алаяқтардың құрбаны болмауға, оның ең көп таралған жолдарын түсіндіріп, алаяқтардың негізгі белгілері туралы, қауіпті заттардың таралуына байланысты жұмыс тақырыбында түсініктеме жұмыстары жүргізілді.