ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ
Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық Аналар кеңесінің “Салауатты сана” жобасы аясында 5 әлеуметтік қауіпті салдардың: нашақорлық, лудомания, тұрмыстық зорлық-зомбылық, буллинг және ысырапшылдықтың алдын алу және оны мен күресу бойынша жүйелі жұмысты ұйымдастыру туралы көшпелі диалог алаңы өз жалғасын Үржар ауданы Таскескен ауылының «Үржар колледжі» КММ-де тапты. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесі төрайымының орынбасары К. Әлпейісова және Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесі төрайымының орынбасары Б. Ахатай колледж студенттерімен кездесіп, бес әлеуметтік кеселдін алдын алу жайында сөз қозғады. Колледж студенттері Ж.Отарғажы «Лудомания - қоғам дерті» тақырыбында сөз сөйледі, Д. Абилова вейптің ағзаға зияны туралы айтып, өз пікірлерін білдірді. Колледж мұғалімі Н. Бейбіт бес әлеуметтік кеселге қарсы күресте қабылдаған шаралары туралы хабардар етті. Іс-шара барысы Республикалық көшпелі диалог аланыңда белсенді азаматтық ұстаным мен бірлікті нығайту үшін үлес қосқан белсенділерін алғыс хаттармен марапаттау рәсімімен аяқталды.