ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

«Үржар колледжі» КММ - де Үржар АПБ жергілікті полиция инспекторы, полиция капитаны Тұрсын Азамат Болатбекұлы колледж студенттерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында әлеуметтік желілердегі түрлі жағымсыз жағдайлар, әлеуметтік медиа мен интернеттің зиянды әсерінен қорғану мәселелері сөз болды. Кездесу барысында студенттерді қылмыстық, азаматтық, әкімшілік құқық бұзушылық құқықтарымен таныстырып, темекінің, электронды сигареттердің зияндылылығы, буллинг, кибербуллинг, зорлық - зомбылықтың алдын алу сынды тәрбиелік - құқықтық кеңестер берілді. Студенттер өз ой - пікірлерімен алмасты.