«Үржар колледжі» КММ - де ағымдағы жылдың 25 қыркүйегінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Бала қауіпсіздігі - қоғам келешегі» атты біріңғай жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Алдағы міндеттер, колледжде атқарылып жатқан жұмыстар туралы колледж директоры Сабитов Сабыр Тунгышбаевич қысқаша баяндады. «Тәрбиенің ең тамаша мектебі - отбасы» тақырыбында оқытушы Сейтжанова Айжан Турарбековна баяндама оқыды. Директордың оқу - тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Баймухаметова Жупар Ануарбековна «Бала қауіпсіздігі-қоғам келешегі» тақырыбында және педагог - психолог Дакина Салтанат Мұратқанқызы «Қауіптің алдын - алу» тақырыптарында баяндама жасап, қазіргі қоғамды алаңдататын өзекті мәселелердің бірі - балалардың әлеуметтік желілердегі қауіпсіздігін талқылады. Сонымен қатар педагог - психолог Дакина Салтанат ата-аналармен тренинг, психологиялық ойын жаттығулары мен сергіту сәттерін өткізді.