ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

"Үржар колледжі" КММ-де "Саналы ұрпақ" жобасы аясында ҰОС Жеңіс күніне орай Қазақстанның Халық қаһарманы, Ұлы Отан соғысының батыры, әйгілі паритизан, халықаралық Фадеев атындағы сыйлықтың лауреаты, көрнекті жазушы Қасым Қайсенов туралы "Халқына адал қас батыр-Қасым Қайсенов" атты адалдық сағаты өткізілді. Адалдық сағатына І курс студенттері қатысты. Адалдық сағатында Қасым Қайсеновтың өмір жолы, ерлік жолы көрсетілді.