Спорт - денсаулық кепілі. Ата -бабаларымыз "Тәні саудың- жаны сау" деп бекер айтпаған.
Колледжімізде оқу - тәрбие жұмыстарының басты міндеттерінің бірі - студенттердің денсаулығын сақтап, денесін шынықтыру. Сондықтан, бізде спорттық іс-шаралар жиі өткізіледі.
22.09.2022 күні "Үржар колледжі" КММ-де салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.А. Баймухаметованың, дене тәрбиесі пәнінің оқытушылары Ақылбек Н., Отар Ә., алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушысы Р.А. Тукеновтың ұйымдастыруымен, жоспар бойынша, "Денсаулық фестивалі" атты спорттық іс-шара өтті. Іс-шараға барлық топ студенттері, оқу-өндіріс шеберлері, оқытушылар және ұжым мүшелері қатысты.
Жүлделі орын алған қатысушылар мақтау қағаздармен, белсенділік танытқан қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды. Сондай-ақ, өте жақсы нәтиже көрсеткен қатысушыларға колледж профсоюзы ақшалай сый табыстады. Іс-шара жоғары деңгейде өтті және де алдыңғы уақытта осындай іс- шаралар жалғасын табады деген ойдамыз.