ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

Қазан айының басында Үржар аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция лейтенанты Абилқайдарова Назерке Қайырбекқызы «Үржар колледжі» КММ-ге келген сапарында колледж психологы Айлбекова Мейрамгул Орынбасаровнамен кездесіп, әңгіме-сұхбат жүргізді. Кәмелеттік жасқа толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қатысты қылмыстардың алдын-алу шаралары жөнінде айтылды. «Үржар колледжі» КММ оқытушыларынан тұрмыстық зорлық - зомбылыққа қатысты сауалнамалар алынды. Полиция лейтенанты Абилқайдарова Назерке Қайырбекқызы зорлық-зомбылықтардың құрбаны болған нәзік жандыларға полиция тарапынан әрқашан да көмек болатынын айтып, колледж психологы Мейрамгул Орынбасаровнаға осы тақырыпта таратпа материалдарды табыс етті.