ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

 «Алғыс айту - парызым!». Осылайша, наурыз айының беташар күні мерекелік құттықтау, бір-біріне деген ыстық ықылас пен ризашылық сөздермен бастау алды. Қаhарлы қыс бітіп, жайма шуақ мезгіл көктемнің алғашқы мерекесі тойлануда. Бүгін «Үржар колледжі» КММ-де өзін-өзі тану пәнінің оқытушысы Аилбекова Мейрамгул Орынбасаровна мен колледж педагог-психологы Дакина Салтанат Мұратқанқызының ұйымдастыруымен «Алғыс айту - парызым» атты іс-шара өтті. Студенттеріміздің алғыстарын білдіру мақсатында «Алғыс айту» бұрышы ұйымдастырылды. Колледж студенттері Отанына, ата-аналарына, колледж ұжымына бір-біріне алғыстарын айта отырып, ізгі тілектерін жазып, өз ризашылықтарын білдірді.