ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ
Ағымдағы жылдың 10 ақпанында "Үржар колледжі" КММ-де директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Жупар Ануарбековна Баймухаметованың тәрбие жоспары негізінде колледж педагог-психологы Дакина Салтанат Мұратқанқызы «Буллинг, кибербуллинг дегеніміз не және ол несімен қауіпті?» тақырыбында жатақхана студенттеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Студенттерге «Буллинг», «Кибербуллинг» туралы толық ақпарат беріп, «егер кибербуллинге тап болсаң, не істеу керек екенін» түсіндірді. Студенттерге түсінікті болу мақсатында слайд, видеолар көрсетілді. Қоғамда «буллинг мектеп оқушылары арасында ғана болады» деген түсінік қалыптасқан. Шын мәнінде, кез келген жастағы адам үйде, көшеде, жұмыста, оқу орнында, қысқасы, барлық жерде буллингпен ұшырасуы мүмкін.
Қаралған өзекті мәселелер:
1. Егер сен кибербуллинге тап болсаң, не істеу керек?
Қысымға ұшырамас үшін не істеу керек?