ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ
Ағымдағы жылдың 03 ақпанында "Үржар колледжі" КММ директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Жупар Ануарбековна Баймухаметованың тәрбие жоспары негізінде жатақхана тәрбиешісі Бейбіт Нұрсұлтан Бейбітұлы «Тәртіпке бас иген, құл болмайды» тақырыбында жатақхана студенттеріне диспут өткізді. Аталған диспутқа жатақхана меңгерушісі Бакаева Гүлсім Қанағатқызы және колледж педагог-психологы Дакина Салтанат Мұратқанқызы қатысты. Қазіргі қоғамдағы құқықтық тәрбиенің алатын орны, әр азаматтың мемлекеттік заңдарды орындауы, елімізде жүріп жатқан жариялылық туралы студенттер өз ойларын еркін жеткізді.
Қаралған өзекті мәселелер:
1. Құқықтық тәрбиенің қоғамдағы мәні?
2. Студенттердің мінез-құлқының нормадан, шамадан ауытқуына қандай жағдайлар себеп болады?