ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ
Ағымдағы жылдың 25 қараша күні «Үржар колледжі» КММ педагог-психолог С.Дакинаның ұйымдастыруымен «Зорлық - зомбылықсыз балалық шақ» атты тренинг өтті. Тренинг барысында колледж студенттеріне зорлық-зомбылық туралы мәлімет беріліп, оның адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіріліп, зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айтылды. Студенттерге «Бала құқықтары туралы Конвенция» туралы, зорлықтың түрлері, әлімжеттік, буллинг, кибербуллинг туралы мәлімет берілді. Тренинг барысында слайд, видеолар көрсетіліп, жағдаяттық сұрақтар арқылы студенттердің ата-аналарымен қарым-қатынасы анықталды.
«Зорлық-зомбылық туралы мен не ойлаймын?» атты жасырын сауалнама алынды.
Балаларға қамқорлық жасау, баланың абыройы мен құқықтарын құрметтеу-бұл тек мемлекеттің ғана емес, сонымен қатар жекелеген әрбір адамның міндеті.