ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

Ағымдағы жылдың 23 қараша күні "Үржар колледжі" КММ-де Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік" атты топ кураторлары апталығы аясында №95 топ кураторы А.Ақшайх пен №91 топ кураторы С.Дакинаның ұйымдастыруымен «Тәуелсіздіктің ұлы рухты ұрпағы» тақырыбында қызықты сұрақтар сайысы өтті. Сайыс барысында студенттерге Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне байланысты видеолар көрсетіліп, логикалық сұрақтар қойылып, аталған тақырыпқа сай мақал-мәтелдер сайысы ұйымдастырылып, студенттердің саналарын сергітетін логикалық видео - сұрақтар көрсетілді. Аталған іс-шараға студенттер белсенділік танытып, қызығушылықпен қатысты.