ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне орай «Үржар колледжі» КММ-де білім алушыларға арналған «Тыңдай білу — қолдау көрсету» тренингі өткізілді.
Тренинг барысында қатысушылар жұппен тыңдау жаттығуын орындап, қолдау білдіретін сөздерді айтуға және көмек қажет болған жағдайда сенімді адамға жүгінуге үйренді.
Кейде адамға ақыл айтудан бұрын, оны мұқият тыңдау маңызды. Бір-бірімізге көңіл бөліп, қолдау көрсетейік!