«Үржар колледжі» КММ-де «Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі» апталығы аясында «Баланы қалай түсінуге және қолдауға болады?» тақырыбында ата-аналармен кездесу өткізілді.
Кездесудің басты мақсаты – ата-аналарға баланың психологиялық дамуын тереңірек түсінуге, оның ішкі әлемін сезіне білуге және отбасы мен бала арасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған кеңес пен қолдау көрсету болды.
Іс-шара барысында топ жетекшісі ата-аналармен тиімді қарым-қатынас орнатудың жолдары, баланың эмоционалды жағдайын реттеу мен қолдау тәсілдері жөнінде пайдалы ақпараттармен бөлісті. Қатысушылар өзара пікір алмасып, тәжірибе бөлісіп, бала тәрбиесіндегі маңызды тұстарды талқылады.













