Абай облысы білім басқармасының «Өңірлік психологиялық қолдау әдістемелік орталығы» КММ - ның ұйымдастыруымен 2025 жылғы 10 - 14 қараша аралығында білім беру ұйымдарында «Педагогикалық - психологиялық қолдау қызметі» атты апталық өтуде.
Аталған апталық аясында «Үржар колледжі» КММ - де салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс - шара барысында колледждің педагог - психологы С. Дакина ұжым мүшелерін және студенттерді апталықтың жалпы ережелерімен, мақсаттары мен міндеттері, сондай - ақ жоспарымен таныстырды.
Апталықтың негізгі мақсаты - білім алушылар мен педагогтердің психологиялық мәдениетін арттыру, қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру және педагогикалық - психологиялық қолдау қызметінің маңыздылығын насихаттау болып табылады.
Апталық аясында І - ІІ курс студенттерімен «Адамның эмоциялары мен көңіл - күй әлемі» тақырыбында танымдық топ сағаттары өткізілді.
Іс - шараның негізгі мақсаты - студенттердің эмоционалды зияткерлігін дамытуға ықпал ету, эмоцияларды тану, түсіну және оларды басқару дағдыларын қалыптастыру болды.
Сабақ барысында қатысушылар әртүрлі психологиялық жаттығулар мен интерактивті ойындар арқылы өз эмоцияларын айқындап, көңіл - күйдің адам өміріндегі маңыздылығын тереңірек ұғынды. Шара студенттердің өзін - өзі тану қабілетін арттырып, ішкі эмоционалдық тепе - теңдікті сақтауға бағытталды.
#ППҚҚ_апталығы_ӨПҚӘО
#неделя_СППС_РМЦПП
#centr_psychology_abay
https://bilim-urdzhar.kz/kz/kolledzhdi-t-rbie-zh-mysy/psikhologiyaly-zh-mystar/1288-pedagogikaly-psikhologiyaly-oldau-yzmeti.html#sigFreeId7457324861













