ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

Жатақханада тұратын студенттермен кездесу - бұл студенттердің өмірі мен болашағы туралы әңгімелесу

2024 жылғы 03 желтоқсанында «Үржар колледжі» КММ-нің директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ж.А.Баймухаметованың және педагог-психолог С.М.Дакинаның ұйымдастыруымен жатақханада тұратын студенттермен кездесу өтті. Кездесудің негізгі мақсаты білім алушыларды ең маңызды мәселелер бойынша хабардар ету болды, мінез-құлық нормалары, жатақханада тұру ережелерін сақтау, ҚР заңнамасын сақтау, психологиялық денсаулық, моральдық қағидаттар, жатақхананың жұмыс режимі, колледж мүлкін сақтау.
Жатақханада тұратын студенттермен кездесу - бұл студенттердің өмірі мен болашағы туралы әңгімелесу.
Кездесуде Баймухаметова Ж.А. колледж жатақханада тұру және ішкі тәртіп ережелерін, жаман әдеттен аулақ болу, бір – біріне бауырмал болу, тазалық сақтау т.б. мәселелер туралы түсіндірме жұмысын жүргізді. Сонымен қатар, ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің және Қылмыстық кодекстің баптарына тоқтала кетті. Жатақхана тәрбиешісі Бейбіт Н.Б.және жатақхана меңгерушісі Бакаева Г.К. жатақханада тұратын студенттердің жалпы жағдайынан хабардар етті. Дакина С.М. өз сөзінде кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігі, буллинг, кибербуллинг, зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмыстары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, интернет-алаяқтық тақырыптарын қозғады.
Ашық диалог форматында ұйымдастырылған кездесуде студенттер сұрақтар қоюға және жауап алуға мүмкіндік алды.