ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

“Үржар колледжі” КММ-де оқу-тәрбие жоспарына сай “Терроризмнен сақтану жолдары” тақырыбында колледж ұжымына АӘ және ТД жетекшісі және педагог-психолог Дакина С.М жиналыс өткізді.

Мақсаты: а) Ұжымға терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру;

Ә) Ұжым мүшелеріне қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу;

Б) Адам өміріне қауіп төндіретін әртүрлі арандатушылықтар кездескен жағдайдағы ұжым мүшелерінің өз өздерін психологиялық тұрғыдан ұстаулары, одан сақтану жолдары туралы түсініктеме беру.

Ұжымға арналған психологиялық тренинг, ойын-жаттығулары, аутотренинг ұйымдастырылды.

#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_ТиППО

#үржарколледжі