ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

«Үржар колледжі» КММ-де ағымдағы жылдың 25 қыркүйегінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Бала қауіпсіздігі – қоғам келешегі» атты біріңғай жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Колледж педагог-психологы Дакина Салтанат Мұратқанқызы «Қауіптің алдын-алу» тақырыптарында баяндама оқып, қазіргі қоғамды алаңдататын өзекті мәселелердің бірі – балалардың әлеуметтік желілердегі қауіпсіздігін талқылады. «Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы» тақырыбында тренинг өткізді. Мақсаты: Отбасындағы қарым-қатынасты нығайтуға өзара түсінушілікте ата-аналар мен балаларға қолдау көрсету. Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастарды жақсартуға мотивация қалыптастыру. Сонымен қатар, психологиялық ойын -жаттығулары мен сергіту сәттерін өткізді. Ата-аналар белсенді болып, ризашылықтары мен жылы лебіздерін білдірді.

 

 

#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_ТиППО

#Үржарколледжі

#Ата_аналар_жиналысы