ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ
Тазалық әркімнің жеке гигиенасы ғана емес, ол бүкіл қоршаған ортаның, ауыл-аймақтың, көшелер мен қоғамдық орындардың және тағы басқалардың тазалығы. Бұл жерлердегі тазалықты сақтау-баршамыздың міндетіміз. Тазалықты сақтау өзімізден, уйімізден, ауламыздан басталады. Өзіміз тұратын аула, өзіміз жүріп өтетін аймақ, өзіміз оқитын ғимарат маңы барлығы да тазалықты талап етеніні сөзсіз…
"Үржар колледжі" КММ-де қарқын алған сенбілік жұмыстары басталып кетті. 31.03.2022 жылы колледждиректоры, Үржар ауданы маслихат депутаты К.Чарахметовтың ұйымдастыруымен колледж оқытушыларының, оқу-өндіріс шеберлерінің және колледж студенттерінің қатысуымен ауланы тазалау, жұмыстары жүргізілді.