ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ
"Үржар колледжі" КММ директоры, Үржар ауданының маслихат депутаты К.М. Чарахметов, оқу-өндіріс шебері С.Сабитов және колледж кітапханашысы А.Кашимбаева 22 наурыз Наурыз мейрамымен ауылымыздың жалғызбасты аналары: З. Гросс, З. Туктыбаева, К. Мустафина апаларымызды құттықтап шықты.
Құрметті аналар Әз Наурыз әлемді тербеткен ақ жүректеріңізге қуаныш пен шаттық сыйласын!
Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті – Наурыз мерекесі елімізге, әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт-береке, бақыт пен молшылық әкелсін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!