ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

«Үржар колледжі» КММ - де 30 - мамыр Саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу күніне орай кітапханашы «Қуғын сүргін құрбандары» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Кітап көрмесінде сол кезеңдегі тоталитарлық жүйенің жазықсыз құрбаны болған қайғылы оқиғалар туралы кітаптар қойылған. Кітапхана қорыннан алынған кітаптар қуғын сүргін нің қатыгез сипатын түсінуге мүмкіндік береді. Мақсаты: оқырмандарды қасіретті кезеңдердің тарихымен таныстыру және жастардың бойына патриоттық сезімді қалыптастыра отырып қазақ халқының тарихи өткеніне құрметпен қарау.