ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

«Үржар колледжі» КММ кітапханашысы «Оқуға құштар колледж» бағдарламасын басшылыққа ала отырып кітапханашының ұйымдастыруымен бірінші курс студенттері арасында «Колледждің жыл оқырманы» конкурсын өткізді. Аталмыш конкурсқа жыл бойы кітапханада өткізілген іс - шараларға белсене қатысқан, әдеби кітаптарды жиі алып оқитын оқырмандар қатысты. Сегіз кезеңнен тұратын бұл сайыста үздік шыққан І - курс «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының студенті Бекпосова Зарина колледждің жыл оқырманы жеңімпазы атанды.