ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

«Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Кітапханашылардың кәсіби мерекесіне орай кітапхана мүшелерінің ұйымдастыруымен 24 қазан – Кітапханашы күнін мерекелеуде кітапханашы Анаргуль Нуркасымовнаны мерекесімен құттықтап, өздері өсірген бір шоқ гүлдерін сыйға тартты. «Кітапханашы – демек креативі» атты кітапханада өзін-өзі басқару күні болып өтті. Студенттер кітапханашының күнделікті жұмыстарымен таныса отырып, оқырмандарға қызымет көрсетіп, келген газет-журналдарды ретімен жинап, тіркеу журналына жазып толтырды.