«Үржар колледжі»КММ кітапханасында «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасы аясында «Оқуға құштар студент» тақрыбында Ашық есік күні болып өтті. Өтілген бұл шараға жаңадан келген бірінші курс студенттері мен топ жетекшілері қатысты. Шараның мақсаты: 2023-2024 оқу жылында қабылданған студенттерге кітап оқуды насихаттау, олардың оқуға деген қызығушылықтарын арттыру. Білім алушылар кітапханаға саяхатжасау барысында кітапхана қорындағы кітаптармен танысып, керекті ақпараттарын алды. Сонымен қоса кітапханада дайындалған «Ата Заң – алтын қазық» атты кітап сөресімен де танысып, Ата Заң туралы кітаптармен танысып өтті. Шара соңында оқырман ретінде кітапханаға тіркеліп, оқырман формулярын толтырумен аяқталды.
https://bilim-urdzhar.kz/kz/kolledzhdi-t-rbie-zh-mysy/kolledzhdi-kitapkhana-zh-mysy-151/737-o-u-a-shtar-student.html#sigFreeIdfd97fe807f