26-28 сәуір аралығында Алматы облысы, Қонаев қаласында "Балдәурен" Республикалық оқу-сауықтыру орталығында "KitapFest 2023 білім әлемінде " тақырыбы бойынша Республикалық кітапханашылар семинары өтті. Аталмыш семинарға Қазақстанның барлық облыстарынан 208 кітапханашы, соның ішінде Абай облысы бойынша 10 кітапханашы қатысты. Семинарға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаментінің өкілі, Алматы облыстық білім басқармасының өкілі, "Балдәурен" РОСО директоры қатысып, семинарға қатысушыларға сәттілік тіледі. Семинар барысында "Колледж кітапханаларының қазіргі жағдайы", " KitapFest -2023 білім әлемінде " тақырыбтарында баяндама оқылды. "Автор ұсынған көркем әдебиет" тақырыбында авторлармен кездесу өтті. Бірнеше баспахана қызметкерлері кітап көрмелерін ұйымдастырып, шығарған кітаптарын жарнамалады. Семинарда көтерілген тақырыптар "Оқуға құштар колледж " жобасы аясында колледж кітапханасының қорын көркем әдебиет пен толықтыру, кітапханашылардың ұсынымдарын тыңдап, проблемаларын шешу болды. Үш күнге созылған семинар өз мәресіне жетті, қатысушылар кәсіби жұмыстарына қажетті көптеген мәліметтер алып қайтты.
https://bilim-urdzhar.kz/kz/kolledzhdi-t-rbie-zh-mysy/kolledzhdi-kitapkhana-zh-mysy-151/712-kitapfest-2023-bilim-leminde.html#sigFreeId6b495e0a52