ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

«Оқуға құштар колледж» бағдарламасы аясында колледж кітапханасының әдеби кітап қорын толықтыру мақсатында кітапханашының ұйымдастыруымен, халықаралық кітап сыйлау күніне байланысты «Мұқтаждарға кітап сыйла» атты акция ұйымдастырылды. Акцияны коледждің ОТІжөніндегі орынбасары Баймухаметова Жұпар Ануарбековна бастап берді. Аталған акцияға колледж оқытушылары мен студенттер қатысты.Атап айтсақ арнайы пән оқытушылары Тергенбаева Камила Байгалиевна М.Әуезовтың «Абай жолы» романының төрт томын, Чарахметова Гульнара Рухани жаңғыру «Дала фольклорының анталогиясының» төрт томын, Сейтжанова Айжан отбасылық «Ұрпағыма» атты кітабымен қоса үш әдеби кітап, Аиылбекова Мейрамгүл екі кітап, Токабаева Нургул үш кітап және 1-2 курс студентеріде төрт кітап сыйға тартып өз үлестерін қосты. Кітапхананың әдеби кітап қоры акция барысында толыға түсті. Сыйға тартылған кітаптар өз оқырмандарын табады деген ойдамыз.

#оқуғақұштарколледж

#читающийколледж